Шығыс Қазақстанда сәби ыдыстағы суға тұншығып өлді

30.07.2018 18:11

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында 1 жастағы бала 20 литрлік ыдыстағы суға тұншығып өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жас отбасы аталмыш ауылға жуырдта көшіп келген екен. Жаңа баспананы жөндеумен әлек болып жүріп, ерлі-зайыптылар 1 жастағы сәбиді қараусыз қалдырған. Бала аулада ойнап жүріп, монша алдындағы су толы ыдысқа құлап кеткен. Ата-анасы оны кеш байқаған.

«Оқиға орнына бірінші болып полиция қызметкерлері жетті. Құтқарушылар тұрғындарды балаларын қараусыз жібермеуге шақырады. Қарапайым ғана қауіпсіздік ережелерін сақтамау үлкен қайғыға душар етеді», – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.