Головкин–Альварес кездесуінің билеттер құны 52 мың долларға дейін жеткен

23.07.2018 19:40

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM»  САА.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.