Алматыда балаға таласқан қос ана бітімге келе алмады

01.03.2017 14:20

Балаға таласқан қос ана бітімге келе алмады. Алматы қалалық соты екі жасар Жеңіске таласқан асыраушы және биологиялық ананың ісін енді Жасөспірімдер сотына тапсырды. Бұл процесс біткенше сәби асыраушы анасының жанында қалады. Айта кетсек, құрсақтан шыққан шақалағынан бас тартып, жетімдер үйіне тастап кеткен безбүйрек ана 2 жыл өткесін баласын қайта іздеген. Сөйтіп, Жеңісті бағып-қаққан Гүлжан Қилыбаеваның үстінен арызданған болатын. Ол Қилыбаеваны асыраушылық құқықтан айырып, баланы өзіне қайтарып алу туралы өтініш білдіріп отыр. Өз кезегінде асыраушы ана да аппеляциялық шағым берді. Қалалық сот істің ақ-қарасын ажырату үшін, ендігі процесті Жасөспірімдер сотына тапсырды. Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын соттың қос анаға қатысты алғашқы отырысы қашан болатыны әзірге белгісіз.

«Бала енді әзірше менімен ғой. Біз енді соған қуанамыз, баланың әр күні бізбен болғанына. Сот отырысында ымыраға келсін деп бізге айтқан. Бірақ, бір бітімге біз келе алмадық. Өйткені, менің талабым енді баланы үйренген жерінде қалдырып, баланың психикасы бұзылмасын, балаға қиын болмасын кеп тұрсын анасы деп. Ол өскенде бәрібір шешеді, мен ешқашан жасырмаймын оның анасы кім екенін балаға. Оған келіспей отыр. Олар баланы үйретіп, содан кейін тартып алмақшы. Өздерінің айтқан сөздері сол, тартып алмақшымыз дейді»,- деді Бала асырап алушы ана, Гүлжан ҚИЛЫБАЕВА.

 

¤