|
29.12.2017 | 15:34
9342

Елімізде келер жылдан бастап тұрғылықты және уақытша тіркеу тегін болады

Елімізде келер жылдан бастап тұрғылықты және уақытша тіркеу тегін болады

Елімізде келер жылдан бастап тұрғылықты және уақытша тіркеу тегін болады. Сондай-ақ, жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін алған кезде де мемлекеттік баж көлемі өзгермейді. Бірақ төлқұжат алу екі есеге қымбаттайды. Енді оның құны бұрынғыдай 9 мың 76 теңге емес, 19 мың 240 теңге болады. Мұндай қымбатшылық Қазақстанда күшіне енгелі отырған жаңа салық кодексіне тікелей байланысты. Ал, жаппай төлқұжат ауыстыру керек деп ақпаратты бұрыс түсінгендер сағаттап халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күтіп жүр.

Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына соңғы үш күннен бері келушілер саны тиылар емес. Тіпті тиісті жұмыстарын бір күнде тындыра алмай, қайта келіп жатқан жұрттың қарасы көп. Өйткені, халық жаңа жылға дейін төлқұжатты бұрынғы бағамен рәсімдеп алуға асық. Ал, 1-ші қаңтардан бастап оның құны 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 19 240 теңге болады. Өйткені, келер жылы 1 айлық есептік көрсеткіш көлемі 2 мың 405 теңгеге көтеріледі. Осыған дейін төлқұжат алам дегендер 9076 теңге төлеп келген еді.

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы төлқұжатты беретін көші-қон қызметі шынында да жұрттың бұрынғыға қарағанда көп келіп жатқанын жасырмайды. Себебі, қарапайым халық ақпаратты дұрыс түсінбеген дейді мамандар. Тұрғындар арасында құжаттың уақыты өтпей жатып ауыстыруға келіп жатқандар да бар екен. Кезекте тұрғандардың жартысы солар.  

«Қазіргі таңда, Алматыда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында адамдардың көп шоғырлануы байқалып отыр. Бірақ көбінесе барлығы сұрақтарына жауап алу бойынша келіп отқан азаматтар. Өйткені, түсіндірме жұмыстары енді басталды қоғам арасында. Көбісі түсінбей қалды. Яғни,қолдарындағы төлқұжатты мерзімі 5-6 жылдан кейін ауыстыруды көздеп отса олар бүгін-ертең міндетті түрде ауыстырулы керек деген қате мәліметті алып отыр»,-деді Алматы қаласы IIД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.

Еске сала кетейін, жаңа салық кодексі туралы заңға Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы айдың 25-ші желтоқсанында қол қойды. Түсіндіру жұмыстарына аз уақыт бөлінді деген ішкі істер министрлігі халыққа ақпараттық насихатты ары қарай да жүргізе бермек.

Жадыра Омаржан, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир