«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері аттестациялаудан өтеді

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері аттестациялаудан өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері аттестациялаудан өтеді. Елбасының жарлығы бойынша, олар 1 шілдеге дейін толықтай тест тапсырулары керек. Сынақ арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ бұдан былай құқық қорғау органына қызметке орналасу үшін тестілеуден өту міндеттелді. Алматыда үміткерлер аттестацияны жаңадан ашылған орталықта тапсырады.

Тестілеуге арналған жаңа заманауи бөлме 27 орынға шақталған. Әдетте аттестациялау уақыты 1,5 және 2 сағатқа созылады. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметкер 90 сұраққа жауап беруі тиіс. Алайда тапсырма одан көп болуы мүмкін. Барлығы қызметкердің лауазымды қызметіне байланысты таңдаған бағдарламасына тәуелді.

Бұл орталық осы жылдың басында ашылды. Мұнда тест тапсырушының әрбір қимылы бейнекамералар арқылы бақыланып отырады. Сондай-ақ мамандар да бөлмеде тыныштық сақталуын қадағалайды.  

«Бұл орталық бұған дейінгі тестілеу орнынан екі есе үлкен. Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестациялау осы жылдың бірінші жартыжылдығынан басталады. Одан бөлек, құқық қорғау органына қызметке тұрамын деушілер де тестті осы жерде тапсырады», - деді Алматы қаласы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары Геннадий ДАНИЯРОВ.

Биылдан бастап құқық қорғау органына қызметке орналасу үшін тестілеуден өту міндеттелді. Сынақтың негізгі талабы құықтық нормалар бойынша құрастырылған бірнеше кезеңдік тест сұрақтарына жауап беру. Сондай-ақ үміткердің жеке қасиеті мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан бақыланады.

«Былтырғы жылдың желтоқсаннан бастап осы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізілді. Сол өзгерістерге қатысты енді құқық қорғау органдарында жұмыс жасаймын деген кісілерге конкурстық комиссияға барар алдында осы заңнаманаы білу бойынша тестілер өткізіледі. Ол тестілер кәдімгі әкімшілік қызметке өтетін үміткерлер кісілер тест залында өткізілетін жерде де, жаңағы құқық қорғау органдарға баратын кісілер де сол жерде өтеді», - деді  Алматы қаласы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті әдеп кеңесінің төрайымы Айгүл БАЙХАНОВА.

Алматы қаласы бойынша 4,5 мың мемлекеттік қызметкер болса, «Б» корпусына аттестациясынан 2,5 мың қызметкер өтеді. Ал, республика бойынша 80 мың мемлекеттік қызметкер ана тілін меңгеру, заңды білуден бөлек, қол астындағы қызметкерлерге сыпайылық таныту және пара алмау сынды қасиеттерді көрсетуі тиіс.

Перизат Көмекбайқызы, Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров