Алматының мемлекеттік аудиторлары тендер бойынша төрт мың заң бұзушылықты анықтады

26.01.2017 15:04

Алматының мемлекеттік аудиторлары мемлекеттік сатып алу бойынша төрт мың заң бұзушылықты анықтап, қаржылық қылмыстың алдын алды. Енді қазына ақшасының шығыны бақылауда болатынына мамандар сенімді. Тексерушілер заң бұзушылық болмай тұрып, қателіктерді алдын ала анықтап жүргендеріне бір жылдай болған.

«Бұрын бақылау ісі өтіп кеткен соң жүргізілетін, яғни бюджеттік қаражат жұмсалып қойғаннан кейін ғана заң бұзылғаны тіркеліп, тиісті шаралар қолданылатын. Ал ескерту аудит қызметтерінің бірі болғандықтан, ең алдымен қазынадағы қаржыны бақылауда ұтымды ұстауға бағытталған. Демек заң бұзушылықты алдын ала анықтап, оны өз бетімен жоюға мүмкіндік туады»,- деді ҚР қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы, Ержан МЫҢЖАСАРОВ.

Камералық бақылау тексерушілерге кәсіпорын қызметін қашықтықтан қарауға сеп болмақ. Сондай-ақ, селқостық пен зейінсіздікті жойып, алдын ала жоспарланған заң бұзушылықты анықтауға көмектеседі.