|
02.02.2018 | 10:56
2359

Алматыда сатып алушы кейпіндегі қарақшы әйелдің қымбат көлігін тартып алды

Алматыда сатып алушы кейпіндегі қарақшы әйелдің қымбат көлігін тартып алды

Алматыда сатып алушы кейпіндегі қарақшының қылмысы әшкере болып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қымбат жол талғамайтын темір тұлпарды танымал сайттан тапқан ол, тізгінші әйелді техникалық қызмет көрсету орталығына апарам деп алдап, қала сыртындағы саяжайда қинап ұстаған. Қылмыстық істің деректеріне сүйенсек, көлік Ресейге сатылған. Келтірілген шығын көлемі 20 миллион теңгеден асады. 27 жастағы қылмыскер қарақшылық және адам ұрлау бабы бойынша жазаға тартылды. Сот таратқан мәлімет бойынша, ұрының сыбайластары іздестіріліп жатыр.

«Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Хорев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-ші бабының екі тармағымен және 192-ші баптың 4 бөлімімен кінәлі деп табылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді  Алматы қалалық соты баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Бауыржан АХМЕТОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир