Индонезияда зілзала салдарынан 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Индонезияда зілзала салдарынан 20 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияның Ломбок аралында 5 тамыз күні болған жойқын жер сілкінісі салдарынан 20 мыңнан астам адам баспанасын тастап шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап.

Табиғи апаттарды тоқтату ұлттық агенттігінің ресми өкілі Сутопо Нугрухо 20 мыңнан астам жергілікті тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілгенін мәлімдеді. Бұдан тыс, Ломбокқа көршілес жатқан кішігірім аралдардағы шетелдік туристер де эвакуацияланған. С. Нугрухоның айтуынша, құрбандар саны 98 адамға жеткен.

«Қаза тапқандардың барлығы - жергілікті тұрғындар. 230-дан астам адам жарақаттанған», – дейді ол.

Шенеунік үйінділердің арасынан адамдарды құтқаруға ауыр техника жетіспейтіндіктен, құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда.

Еске сала кетейік, 5 тамыз тамыз күні Индонезияның Ломбок аралында тербелісі 6,6 балдық зілзала болды. Алғашқы мәліметтер бойынша апат салдарынан 19 адам қаза тапқан болатын. Бірнеше сағаттардан соң құрбандар саны 91-ге жеткені хабарланды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Индонезиядағы апатқа қатысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін жеткізді.


Новости партнеров