Алматыда денсаулық күніне орай кардиология орталығы ашық есік күнін өткізді

Алматыда денсаулық күніне орай  кардиология орталығы ашық есік күнін өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір күннің ішінде 100-ден аса алматылық кардиологтардың көмегіне жүгінді. Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай қалалық кардиология орталығы ашық есік күнін өткізді. Шара барысында алматылықтардың басым бөлігінде қандағы холестерин деңгейі артқандығы анықталған.

¤Шаһар тұрғынының бірі Күлсара Жоламанова ашық есік күндерін ғаламтордан көріп, денсаулығын бір тексеріп қоюды шешіпті. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күніне орай қалалық кардиология орталығы 100-ден аса алматылықтарды қабылдады. 

«Бұл жаққа келген себебіміз ғаламтордан естіп келіп отырмыз. Жағдайымызды біліейік деп. Дәрігерлер түсіндіріп жатыр, ем-шара қолданып жатыр. Әрине, керек бұл халыққа өте пайдалы»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Күлсара ЖОЛАМАНОВА. 

Халыққа кардиолог, аритмолог, кардиохирург, рентген-хирург сияқты мамандар тегін кеңес берді. Келушілердің барлығына электрокардиограмма мен ультрадыбысты зерттеулер жасалды. Шара барысында пациенттердің басым бөлігінде холестерин деңгейінің тым жоғары екені анықталған. Іс-қимылдың аздығы, атүсті тамақтану, майлы, тұзды тағамдардың көптігі мен күйзеліс бүгінде жүрек ауруларына әкеп соғуда.

«Бүгінгі пациенттердің көбінің шағымы қан қысымының көтерілуі, жүрек тұсындағы ауырсынулар, инфарктан кейінгі, операциядан кейінгі пациенттер жиі келеді. Көбісі келіп өзінің қандай бір ауруларын бірінші рет біліп жатыр. Қан қысымының жоғ,ары екенін, кейдң ЭКГде өзгерістер бар екенін байқап, емдеуге жатқызған кездер де болады»,- деді Алматы қаласының Бас кардиологы, Алия ӘБЕНОВА. 

Әлемде өлім салдары жүрек қан тамыры ауруларынан болатынын айтады мамандар. Ал олардың алдын алуға еліміздегі кардиологтар оңтайлы, тиімді, тән жарасын мейлінше зақымдамауға талпынатын инновациялық технологияларды ойлап табуда. Сондай операцияларды алматылық кардиохирургтар да тәжірибеге енгізген. Бұрын кардиохирургтар жүрекке ота жасау үшін төс тұсынан 30 смге дейін кесуге мәжбүр болса, енді қазір бұл әдіс тек 5 смге қысқарған.

«5 жылдың ішінде оншақты инновационный технологиялар енгізілді. Мысалы, жүректі тоқтатып жасайтын операцияларды казір жүректі тоқтатпай жасауды үйрендік. Қазір енді былтырдан бастап операцияларды мини доступпен жасап жатырмыз. Қабырғаның арасынан 5 см кесіп, сонымен жүрек қан тамырларын ауыстырып жатырмыз»,- деді Алматы қаласының Бас кардиохирургы, Нұрсан СҰРАШЕВ. 

Дәрігерлердің айтуынша, Алматылық екі миллионға жуық халықтың ішінен, шамамен, мың жарымының жүрегіне ашық түрде операция жасалуы керек екен. Алматы қаласы бойынша қан айналымы жүйесінің ауруларынан келетін өлім саны былтырмен салыстырғанда төмендеген.

Назкен Байтілес Валерии Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров