|
29.06.2018 | 20:00
6430

Алматыда зейнеткерлерді компьютер мен ағылшын тіліне үйрететін орталық ашылды

Алматыда зейнеткерлерді компьютер мен ағылшын тіліне үйрететін орталық ашылды

Алматыда ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен ашылған мекеме егде жастағы адамдарға қызмет көрсетеді. Бұл зейнеткерлердің зейнетке шыққан соң жалғызсырап, қоғамнан бөлініп қалмауына көмектеседі. Құлшынысы бар қарттарға шет тілдерін де үйретеді. Қариялармен қала әкімі де кездесті.

Терең тыныстау арқылы қан айналымын күшейтіп, қатып қалған қол аяқты соза, сан түрлі қимылдар жасап жатқан қарт оқушының бірі  Нина Александрқызы. 82 жаста болсада ширақ қимылдап, ұзстаздың үйреткенін бірден орындап жатуыма  50 жылдан аса бассейінде жүзуім жәрдемдесіп жатыр, -  дейді.

«Йогаға бірінші рет жазылып, қатысып жатырмын. Маған өте ұнады. Барлық денемізді қозғалтамыз. Баспалдақтармен жақсы жүретінмін, қазір аздап  тізе буындарым сыздайды. Жаттығулардан соң жақсарады деп үміттенем»,-деді Нина ЛИСИНА.

Зейнеттен соң зерікпеймін деген замандастар орталықта йога, аэробикадан бөлек, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылықтарын да көтере алады. Шахмат, үстел теннисін ойнаудан бөлек қарияларға заңгер, психолог мамандар тегін көмек көрсетеді. 

«Алматы қаласының әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ашып отыр орталықты. Ал осы орталықта жұмыстың бәрін қарияларға арнап "Күміс ғасыр" қоғамдық қорыныың қызметкерлері атқарады. Ол қордың қызметкерінің ішіне жаңағы  дәрігерлер, медбике, заңгер, психолог, йога терепия  жүргізіледі»,-деді "Күміс ғасыр" ҚҚ "ұзақ өмір орталығы" жобасының жетекшісі АЙНҰР ЕШМАНОВА.

Алматы тұрғындарының 12 пайызы зейнеткерлер. Қариялар ғұмырын жақсарту үшін арнайы жол картасы да жасалды. Жоба жүзеге асқалы 32 әлеуметтік клуб ашылған. Компьютерде ғаріп теріп, ғаламторды ақтарудың жолдарын бір мыңнан астам  зейнеткер зерделеген. Алдағы екі жылдың ішінде көрсеткішті  40 пайызға жеткізу жоспарланған. Жуық арада қаржы табам деген қарияларды қолдауға арналған Ata-Apa интернет сайты ашылмақ.

«Өздеріңіз білесіздер, кәрі адам үйде отырғанда міндетті түрде бір жері ауырады. Ал бұл орталық адамның ойын ондай  келеңсіздіктен арашалайды. Жаттықтырушы менде, өзің жекелейде жұмыс жасауға мүмкіндік бар екен осы жерде. Маған өте ұнады»,-деді Нина НИКОЛАЕНКО. 

Жалпы жыл сайын  4 мыңдай қалалық  қариялар шипажайларда ем алса, 17 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алады. Сондай-ақ зейнеткерлердің 75 пайызы қоғамдық көліктерде тегін жүреді.  Биыл  800-дей жанды  фитнес-клубтар мен бассейндерге апару жоспарланған. Ал  бүгін ашылған ұзақ өмір орталығы күніне 75 қарияның көңіл күйін күйтемек.

Әмірболат Құсайынұлы, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир