|
29.06.2018 | 20:10
3301

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесі қайта қаралған. Толыққанды еңбек өтілі уақытын анықтау үшін 2 млн-ға жуық қазақстандықтың құжаттары түбегейлі тексерілген.

«Зейнет жасындағы азаматтарға берілетін сома көлемі еңбең өтіліне қарай 54 -100 пайыз аралығын құрап отыр. Бұл өзгеріс 2 млн адамды қамтиды. Оның ішінде 1 млн-ға жуығы ең жоғары зейнетақыны алады. Қалған 930 мыңының зейнетақысы  37 ден 81 пайыз деңгейінде болады»,-деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА.

Халыққа есеп беру барысында Мәдина Әбілқасымова елге оралатын қандастардың мәселесіне де тоқталды. Ақпарға сенсек, жыл сайын Қазақстанға келетін отандастардың саны 20 мыңға жуықтайды. Бірақ заңдық тұрғыда көбіне елде жұмыс істейтін шетелдіктерге жағдай жасалған. Іс жүзінде демографияны көтеріп, елге оралатын азаматтардың бейімделуіне ешбір қолдау жоқ. Осыған орай, аталмыш ведомство ағымдағы жылы көші-қон мәселесін ретке келтіретін қадамдарды қолға алмақ екен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир