Алматыда Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте спорт алаңдары пайда болды. Тың тартуды оқу ордасына жеке кәсіпкерлер жасаған. Олар 28 жарым миллион теңгеге футбол және баскетбол алаңдарын салыпты. Қос алаңқайды қажетті жарақтармен де жабдықтаған. Төселген көгалды кәсіпкерлер Австриядан алдырыпты. Құрылысқа небәрі 2 ай ғана уақыт жұмсалған.
«Қос алаң «Туған жер» бағдарлмасы бойынша салынды. Бұл мектепті таңдауымызға екі түрлі себеп болды. Алғашқысы - мұнда музыкалық бағытты меңгеріп жатқан дарынды балалар оқиды. Екіншісі - Президенттің «Саламатты Қазақстан» бағдарлмасы негізінде салынды», - деді кәсіпкер Ерболат ҚАСЫМОВ.
«Бір-екі матч өткіздік осы жерде. Біздің балалардың қуанышында шек жоқ. Мұндай алаң бізге ауадай қажет еді. Енді оқушылар дене шынықтырып, спортпен шұғылданатын болды», - деді К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп директоры Оңдасын АБДУЛЛАЕВ.