Ирактағы соғыс аймағынан құтқарылған 4 отандасымыз елге оралды

05.09.2017 10:34

Ирактағы соғыс аймағынан құтқарылған 4 отандасымыз елге оралды. Олар 32 жастағы келіншек пен оның кәмелет жасына толмаған балалары. Сондай-ақ Қазақстан азамттығын алған тағы да үш бала соғыс құрсауынан шығарылды. Жасөспірімдер мен олардың анасы Ресей азаматшасы Грозныйға жеткізілген. Қазіргі уақытта олар сол жақта тұрып жатыр. Айта кетсек, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Ирактағы соғыстан Қазақстанның 14 азаматы құтқарылғанын мәлімдеген болатын. Оның 10-ы балалар.

«Жанұялардың екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары. Сонымен қатар, өзге қазақстандықтар Иракта әлі де тұрып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанның Иордания және Ирактағы елшілігінің консулы оларды Отанға жеткізу мәселесін пысықтауда», - деді Қазақстан Республикасы СІМ ресми өкілі Әнуар ЖАЙНАҚОВ.