Ыстықөлге отбасымен демалуға барған қазақстандық көз жұмды

06.08.2018 17:51

Ыстықкөл облысында Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Sputniknews ақпараттық сайты қырғызстандық «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бүгін құқық қорғау органдарына Бөстері курортты кентінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен.

Марқұмның Қазақстан азаматы екені анықталды.

«Ол 2 тамызда Ыстықкөл облысына әйелі және төрт баласымен демалуға келген. Ер адамның денесі коттеджден табылды. Әйелінің айтуынша, күйеуі курортқа келгелі бері ішімдік ішкен», — деді құқық қорғаушылар.