Жаңалықтардан көретіндеріңіз:
Қазақстанның қасиетті жерлері: Қостанай облысында марқұмдарды жерлемейтін мавзолей бар
Қостанай облысында көмілмейтін мүрделер қорымы бар. Жергілікті жұрттың айтуынша, ол жерде 20 адамның мүрдесі 19-ғасырдан бері жатыр.
Елбасы Астанада жаңадан ашылған балабақшаны аралап көрді
Алматы қаласы Астананың 20-жылдық мерейтойына ерекше тарту жасады. Бүгін, 240 балаға арналған «Алматы» балабақшасы ашылды. Он екі топты емін-еркін сыйдыратын нысанда кішкентайлардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған музыкалық зал, ойын алаңдары бар. Барлығы қазақы нақышта көркемделген.
Домбыра күні: Алматыда 500-ден астам музыкант көшеде күй тартты
Алматыда тойланған ұлттық домбыра Арбаттағы флешмобпен бастау алды. 500-ден аса музыкант танымал композиторлардың күйлерін орындады. Қала қонақтары мен тұрғындары үшін өзге де ауқымды бағдарламалар дайындалыпты.
Астанада «Ұлттық домбыра күні» алғаш аталып өтті
Астанада Ұлттық Домбыра күні аталып өтті. Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісіне белгіленген қазақтың басты аспап мерекесін Президент өзі бастап берді.