Қорытынды жаңалықтар (03.07.2018) видео

04.07.2018 04:48

Жаңалықтардан көретіндеріңіз:

Шелектегі ауруханада кәріз құдығына түскен үш жұмысшы уланып қайтыс болды 

Алматы облысының Шелек ауылында бір күнде 3 адам мерт болды. Барлығы да кәріз құбырын тазалау кезінде нәжістің иісіне уланып көз жұмған.

Бақытжан Сағынтаев "КазАвтоЖол" компаниясының жұмысына сын айтты 

«ҚазАвтоЖол» компаниясы өзіне тиесілі міндетті ойдағыдай атқара алмай келеді. Премьер-министр компания басшысы жасаған баяндаманы сынап тастады.

Алматылық оқушылар жаз бойы суда жүзуді тегін үйренеді

Алматылық оқушылар жаз бойы суда жүзуді тегін үйренеді. Ұйымдастырушылар сапасы жоғары деген қаладағы алты үлкен бассейнді таңдап алған.

Алматыдағы Ботаникалық баққа үш жақтан кіретін жол салу жоспарда бар

Алматыдағы ботаникалық бақты жаңғырту жобасы әлі де талқыланып жатыр. Жобаның алдын ала нұсқасы қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері мен «Көкжайлауды қорғаймыз» қозғалысының көңілінен шықты деуге болады.