Қорытынды жаңалықтар (10.07.18) видео

Қорытынды жаңалықтар (10.07.18) видео
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңалықтардан көретіндеріңіз:

Алматыда ескі және апатты жағдайдағы 500-ге жуық үй сүріледі

Алматыдағы ескі үйлерді сүру жоспарлы түрде жалғасады. Шаһарда алдағы жылдары ескі және апатты жағдайдағы 500 үй бұзылып, олардың орнына 1,2 млн. шаршы метр аумақты қамтитын  баспаналар бой көтермек.  

Жол ережесін бұзу бойынша салынған айыппұлды қосымша арқылы төлей аласыз

Жыл басынан бері 211 мың алматылық жол ережесін бұзып, оларға 1 миллион 400 мың теңге айыппұл салынған. Ал алматылық өнертапқыштар оны өтеудің балама жолын ойлап тапты. Арнайы қосымша арқылы сіз үйіңізден шықпай-ақ бірнеше тетікті басу арқылы төлей аласыз.

Елімізде бес мың қылмыскер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Қазақстанда бес мыңға жуық сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін. Еліміздегі құзырлы органдар қылмыстық процесті ізгілендіру аясында қабылданған заңға сәйкес осындай қадамға бармақшы. Бұл туралы Бас прокурор Қайрат Қожамжаров мәлімдеді.

Осы және өзге де жаңалықтарды сағат 19:00-де «Алматы» телеарнасынан немесе https://almaty.tv/broadcasting сайтынан онлайн түрінде көріңіздер:

Новости партнеров