|
16.07.2018 | 12:42
1459

Қорытынды жаңалықтар (13.07.18) видео

Қорытынды жаңалықтар (13.07.18) видео

Жаңалықтардан көретіндеріңіз:

Қоғам белсенділері бұрынғы НКВД ғимаратының бұзылуына қарсы

Алматыда бір топ қоғамдық белсенді 85 жылдық тарихи бар мұражайдың мейрамхана мен қонақ үйге айналуына түбегейлі қарсы шықты. Кезінде Алаштың талай арыстары жазықсыз азапталған бұрынғы НКВД ғимаратының жаңа қожайын құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Ал жабылып қалған музей экспонаттары құрып кетудің аз-ақ алдында тұр.

Әлем чемпионатының жеңімпазы: Алматы зообағындағы тапирдің болжамы

Футболсүйер қауым Алматы зообағындағы тапирдің футболдан әлем чемпионын анықтап қойғаны туралы айтуда. Осыған дейін зообақтың Мартин есімді жануары  жартылай финалдың екі ойынында кімнің жеңетінін дәл тапқан еді.  

«Тегін мың ІТ-сынып» жобасы аясындағы алғашқы мектеп Алматыда ашылды

Елімізде балалар ақпараттық технология негіздерін тереңдетіп меңгермек. Осы мақсатта республика бойынша бір мың IT-сыныбы ашылатын болады. Оқушылар сарайында ашылған орында оқушылар ақпараттық технология негіздерін жан-жақты ақысыз меңгере алады.

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 40-тан астам адам суға кеткен

Қазақстанда жүзу маусымы басталғалы бері 40-тан аса адам суға батып кеткен. Олардың тең жартысы тек өткен демалыс күндері қаза тапты. Су қоймаларында жан тапсырғандар арасында ересектер де, балалар да бар.

Алматыда 53 отбасыға пәтер кілті табыс етілді

Алматылық 50 отбасы үшін бас қатырар баспана мәселесі өз шешімін тапты. Оларға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, пәтер кілті салтанатты түрде табысталды.

Осы және өзге де жаңалықтарды сағат 19:00-де «Алматы» телеарнасынан немесе https://almaty.tv/broadcasting сайтынан онлайн түрінде көріңіздер:

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир