Құс тұмауына байланысты Қазақстан Ресейден тасымалданатын тауарларға шектеу қойды

26.06.2018 16:00

Еліміздің ауылшаруашылығы таратқан мәліметке сәйкес, көрші мемлекеттегі 36 құс фабрикасының өнімін импорттауға тыйым салынған. Халықаралық эпизоотикалық бюро Ресей Федерациясының Курск, Пенза, Самара облыстарында жоғары потагенді құс тұмауын анықтапты. Шектеу уақыты жыл аяғына дейін сақталуы мүмкін. Қуанышқа орай, осы кезге дейін жеткізілген өнімдерде бұл вирус анықталмаған.

«Ресей аумағында, Курск, Пенза, Самара облыстары аумағында құс тұмауы тіркелген. Сератипі анықталған. Н5 өте жоғары қауіпті құс тұмауы. 21-ші маусымнан бастап, Ресейдің осы үш аймағынан барлық құс өнімдері: тірі тауық, тауықтың жұмыртқасы, жүні, барлық өнімдерін әкелуге тыйым салынды»,-деді ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын ҚАБДОЛДАНОВ.