Израиль билігі елді еркімен тастап кетем деген әр мигрантқа 3500 АҚШ ақшасын сыйға бермек. Африкадан ағылған мигранттарды кері қайтару үшін, ұшақ билетін де тегін алып беруге әзір. Бұндай жомарттық жағдай наурыз айына дейін жалғасады. Билік үш айдан соң, елден кетпегендерді қамауды қолға аламыз деп те мәлімдеді. 2013 жылы Израиль билігі Египетпен шекараласқан аймаққа алып қамал қалаған еді. Бірақ, шекараның күшейтілгеніне қарамастан Судан мен Эритрей елдерінен 60 мыңнан астам мигрант келіп үлгерген. Жан сақтау үшін жұмыс іздеп келгендердің ішінде Уганда, Руанда елінің азаматтары да бар. Бірақ, тегін ақшаны алмаймыз деген заңсыз жұмысшылар елге қайтқанша Израиль түрмесіне түскеніміз жақсы деп отыр.
«Елде заңсыз жүргендер қарапайым таңдау жасайды. Олар бізбен ынтымақтасып, заңды түрде, құрметпен өз еркімен кетеді. Ал, егер бұған көнбесе біз басқа да заңды шараларды қабылдаймыз. Олар ынтымақтастықты таңдайды деп үміттенемін»,-деді Израиль премьер-министрі, Биньямин НЕТАНЬЯХУ.
Ал, құқық қорғау ұйымдары босқындарды Руанда сынды елге жібермеу керектігін айтып отыр. Олардың пікірінше, Израиль Уганда мен Руандаға өтемақы бергенше, мигранттарға баспана беріп, қоғамға біріктірген дұрыс. Қазірдің өзінде Руандада жүздеген мың босқын бар.
Ол жақтан барлығы қашып жатыр. Билік адамдар әуежайға келісімен, олардың барлық құжаттарын алып алады. Сондықтан, олар заңсыз жолмен басқа елдерге кетіп жатыр. Руандада ешкім қалмайды.