Алматыда «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты этнографиялық төрт томдықтың тұсауы кесілді. Көлемді еңбек халық этнографиясының көрнекті өкілі Жағда Бабалықұлының 100 жылдығына арналып басылған. Кітапта еліміздің ғылым, білім, дін, мәдениет және өнер қайраткерлерімен жүргізілген толайым сұхбаттары топтастырылған. Сондай-ақ, қазақтың дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне, бүгінгі отбасылық мәселелеріне талдау жүргізілген.
«Бұл кітаптың алды 15 жыл бұрын жүрегімде жүрген дүние. Кешегі Жағда Бабалықұлымен жасалған сұқбат. Сол сұқбатттың жалғасы есебіндегі кітап. Қазаққа деген махаббат, қазақ халқына деген махаббат, ауылдағы ата-анама, әжелеріме, мені өсірген ортаға деген махаббат, осындай үлкен жұмысты бітіруге итермеледі»,-деді Кітаптің авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қасымхан БЕГМАНОВ.