|
04.11.2016 | 12:13
4157

Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды


Танымал продюсер Баян кешірім берсе де, күйеуі Есентаев жазадан құтылмады. Талдықорған қаласында өткен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Бақытбек Есентаевқа «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, «Зорлау» баптары және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша үш айып тағылған. Сотталушы алғашқы екі бап бойынша ақталғанмен, 99 баптың бірінші тармағы, яғни «адам өлтіруге оқталды» деген жазадан құтыла алған жоқ. Бұл айыппен Есентаевтың адвокаты келіспейтінін, әрі 15 күн ішінде аппеляциялық шағым түсіретінін біздің арна тілшілеріне телефон арқылы хабарлады.

«Біздің ойымызша, шыққан үкім заңсыз, негізсіз. Оның жасаған әрекетінде тағылған айыптағы қылмыстық белгілері жоқ. Ол оқталмаған кісі өлтіруге. Оның әрекеті басқаша баппен қаралу керек еді. Кем дегенде 106 баптың 1 бөлігімен жауапқа тарту керек еді, ол алды да 99 баптың 1 бөлігімен жауапқа тартып жіберді енді», - деді Б.Есентаевтың қорғаушысы Бекболат ЖЕКСЕЙІТОВ.

Еске салайық, 10 маусымда Бақытбек Есентаев өз жұбайы Баян Мақсатқызын өлімші етіп сабап, жәбірленуші Талғар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Осы оқиғадан соң, Талғар аудандық Ішкі істер бөлімі Бақытбек Есентаевты екі айға қамауға алған еді. Бұған дейін Бақытбек Есентаевтың ісіне қатысты бірнеше сот отырысы өтіп, Алматы облыстық прокуратурасында, мемлекеттік айыптаушы, Есентаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал, Баян Мақсатқызы балалары үшін күйеуін кешіретінін мәлімдеген болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир