1 - 8 шілде аралығында оңтүстік астанада Астананың 20 жылдығы құрметіне орай салтанатты шаралар өтеді. Мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін құрамына көрмелер, конкурстар, спорт сайыстары және басқалары енген арнайы бағдарлама дайындалған. Мысалы, алматылықтар 1 шілдеде Ұлттық Домбыра күні мерекеледі, «Астана» алаңында «Ән мен әнші» Ұлы дала Астаналарында» концерті, ал Жамбыл атындағы кітапханада Астананың 20 жылдығына қатысты ғылыми конференция өтті.
3 шілдеде сағат 11:00-де метроның «Байқоңыр» бекетінде «Менің елімнің бас қаласы» фотокөрмесі, Жібек Жолы бойында сағат 11.00-де «Құрақ қөрпе» тігудің шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Бұлардан өзге сағат 17:00-де Жас суртешілер орталығында FOYA Жас суретшілерініңалғашқы Фестивалі ашылады. Мұнда шынайылық элементтері айшықталған Қазақстандағы бірінші көрме көпшілікке ұсынылады. Көрермендер өнермен тек визуалды ғана емес, сонымен қатар, өз гаджеттерімен үндеседі. Бұл үшін «Өнер up» қосымшасы жасалды, ол өнерді цифрландыру құралы болумен қатар арт обьектілерді «тірілтіп» көрсетеді.
FOYA фестивалінің арқасында көпшілікке қолжетімді «Өнер Place» галереясын тамашалуға болады, оған жас суретшілер өз шығармаларын тегін қоюмен қатар өнер мен ғылым жайында лекцилар да тыңдайды.
Көрмеге келушілер астана келбетіне тамсана отырып, классикадан бастап street art көреді. Көрмеге жас суретшілер Repas, Shaman Neon, Pamamurty, Tig crew, Алмаз Нұрғожаев және басқалары қатысады.
4 шілдеде сағат 11.00-де Жібек жолы бойында «Мүмкіндіктер уақыты» вакансиялар жәрмеңкесі өтеді. Оған 150 жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам вакантты орын ұсынылады. Қала артистерінің қатысуымен концерт, «Астана жүрегімде» флешмоб, «Паlayparty» палауын ұсыну, «Асыл қазына» және «Ел жүрегі – Астана» фотокөрмесі, мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы жандар жасаған «Ата өнері – ұрпаққа мұра» атты қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі, қала тұрғындары мен қонақтары үшін астананың мерейлі жасына орай арнайы жасалған 20 метрлік торттан дәм тату шаралары ұйымдастырылады.
Осы күні сағат 11:00-де Панфилов көшесінде Open air Art gallery «Astana 20 year» өтеді.
5 шілдеде сағат 11:00-де Алатау ауданы әкімдігінің ғимараты жанында, Әуезов ауданындағы «Гранд парк» ОСО-да, Медеу ауданындағы ОДМС-да, Түрксіб ауданындағы «МАРТ Vilage» ОСО-да мерекелік концерттер ұйымдастырылады.
6 шілдеде сағат 11:00-де Алмалы ауданындағы Жібек Жолы бойында, Бостандық ауданындағы «MEGA Center» ОСО-да, Жетісу ауданындағы «Гүлдер» паркінде, Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимараты жанында да мерекелік концерттер ұйымдастырылады. «Астана» алаңы бас концерт ошағына айналады, мұнда сағат 18:00-де отандық эстрада жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына «Астана – бас қала» концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұлардан өзге, 6 шілдеде сағат 17:00-де Панфилов көшесінде асфальтқа сурет салу конкурсы, жастардың Art Party және басқа да шаралар өтеді.
7 шілдеде сағат 12:00-17:00 аралығында Панфилов көшесі бойында қуыршақ театры өзінің «Zoo show» қойылымын көрсетеді. Сағат 14:00-де Жібек Жолы бойында балалар шығармашылығының концерті ұсынылады. Сағат 16:00-де ҚазМемциркте цирк көріністері өтеді. Сағат 17:00 – «Алатау» ДӨТ-да «Ұлы дала елі» халықаралық этнофестивалі өтеді. Мерекелік шаралар сағат 20:00-де Жібек жолы бойында өтетін жастар концертімен қорытындыланады.
8 шілдеде таңғы сағат 5:00-де «Шымбұлақта», «Нұрсұлтан» шыңына дейін альпиниада өтеді. Жексенбіде сағат 9:00-де «Нұрлы Тау» БО-нан веложарыс басталады, мерекелік шаралар сағат 20:00-де Жібек жолы бойында өтетін жастар концертімен қорытындыланады.