Наурыз мерекесі кезінде Алматыда қандай думанды шара ұйымдастырылмақ?

18.03.2017 22:03

Ұлыстың ұлы күніне орай, қазақстандықтарға бас-аяғы 5 күн демалыс берілмек. Яғни, тұрғындар 19 мен 24 наурыз аралығында мейрамды еш алаңсыз атап өтеді. Наурыз мерекесі кезінде Алматыда қандай  думанды шара ұйымдастырылмақ? Қаланың қай аумағында, қандай шаралар өтеді?


Алматы аудандарында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар:

Алатау ауданы  

22 наурыз    11.00 – 15.00

Атлетикалық ауыл    

Алмалы ауданы  

22 наурыз    10.00 – 21.00

«Астана» алаңы    

Әуезов ауданы    

21 наурыз   12.00

«Гранд-парк» ойын-сауық орталығы  

Бостандық ауданы  

22 наурыз    11.00

«Мега Алматы» ойын-сауық орталығы  

Жетісу ауданы    

22наурыз    10.00

«Гүлдер» паркі  

Медеу ауданы      

22 наурыз    11.00

«Абай» алаңы  

Наурызбай ауданы  

21наурыз   11.00

Алматы халықаралық мектебі  

Түрксіб ауданы  

21наурыз    11.00

С.Сейфуллин атындағы саябақ  


Сондай-ақ қаламыздың театрлары мен мұражайларында да Наурыз мерекесі аталып өтіледі. Мысалы:


«Наурыз нақыштары» атты фестиваль

Көрмеге парсы халқының жәдігерлері қойылмақ. Мұражайдан 150-ге жуық экспонатты тамашалауға болады. Думанды шарада көрмеден бөлек, түрлі қойылымдар, шеберлік дәрістері мен оқулықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Фестиваль 17 – 30 наурыз аралығында Мемлекеттік Орталық музейде өтеді.


Өз бауырсағыңды жіберіп алма!


Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Алексей Зайончковскийдің «Идеялар ұстаханасы» (Украина) креатив студиясы бірігіп, «Музей Наурызы» мерекелік шарасының аясындағы «Сәлем, Наурыз» 3D интерактивтік көрмесін ұсынады. 3D туындылар Наурызды мерекелеудегі қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктеріне арналған. Көрме 2017 ж. 21 наурыздан 2 сәуір аралығында музейдің мәжіліс залында өтеді.

Наурыз сәні

2017 ж. 21 наурыз күні сағат 16.00  Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде сәндік-қолданбалы өнер және мерзімді көрмелер залдарының экспозиция кеңістігінде авторлық киімдер коллекциясымен бірге музей қорындағы графикалық туындылардың көрмесі өтеді.


«Мәңгілік ел» жыр фестивалі аясында өтетін жыр-терме кештері

2017 жылдың 20-23 наурыз күндері аралығындаҰлыстың Ұлы күні құрметіне «Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді. Жыр-терме кештерінің атаулары:

• 20 наурыз күні «Дін-мұсылман аманда» атты діни-рухани жыр-термелер кеші

• 21 наурыз күні «Тұлпар мініп, ту алған!» атты ұлт-азаттық сарындағы жыр-толғаулар

• 22 наурыз күні «Атымды Адам қойған соң...» атты адамгершілікті, ізгілікті жырлаған жыр-терме, толғау-дастандарды.

Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры


«Наурыз мейрамы - 2017» мерекелік концерті

22.03.17      

«Астана» алаңы     11.00 – 21.00    

Атлетикалық ауыл   12.00 – 15.00


Ал М.Әуезов атындағы драма театр демалыс күндері көрермен назарына бірнеше спектальді ұсынады:

Жүрейік жүрек ауыртпай

21 наурыз  сағат 18.30

Қожанасыр тірі екен…

22 наурыз   сағат 18.30

Томирис

23 наурыз  сағат 18.30

Отыз ұлың болғанша…

26 наурыз   сағат 18.30


Сонымен қатар, салтанатты іс-шаралардан бөлек қаламызда демалысты қызықты әрі денсаулыққа пайдалы етіп өткізуге болады.

200 метрлік мұзтөбешіктен баллонның көмегімен сырғанауға болады. Бұл сырғанақ Алматы облысы, Бесағаш ауылында орналасқан.


Ұшаққа отырып, білікті ұшқышпен бірген әуе саяхатын жасауға болады. Ол үшін «Бұрындай» аэропортына барсаңыз болған. Ұшақтың ұшу жылдамдығы: сағатына 150 км, 228км, 274 км.


Жұлдыздарды тамашалап, ғарыштық жүйе туралы қызықты ақпараттарды алғыңыз келсе,  астрофизикалық обсерваторияға жол тартыңыз. Ол Шевченко, 162Ж (Манас көшесінің қиылысы) көшесінде орналасқан.

Ал парапланнан секіруді жоспарласаңыз, Үш-Қоңыр тауына барсаңыз болады. Ұшу уақыты 10 минуттан 30 минутқа дейін.


Демалыстарыңыз сәтті, мереке құтты болсын!