Алматыда қандай жерлер мемлекет қажеттілігіне алынады?

Алматыда қандай жерлер мемлекет қажеттілігіне алынады?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Самамбетов мемлекет қажеттілігі қайтарылып алынған жерлер мен болашақта қайтарылатын жер телімдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» метро стансасының құрылысы үшін жер телімдерін қайтарып алу жөнінде өтінім келді. Оған шамамен, 150 учаске жатады. Аралап, қажет құжаттар мен материалдарды жинауға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, мүлікті бағалау үшін құқық белгілейтін құжаттарды алып, тексеріс жүргізу қажет. Шамамен, үйлердің 50%-ын аралап шықтық, материалдар пакетін жинадық. Меншік иелерінің барлығы құжаттарын беруге келісім білдірмейтіндіктен, оларды әртүрлі кадастрлардан, әділет органдары мен мұрағаттан алдыртуға мәжбүр болып отырмыз», – деді Ардақ Самамбетов.


Новости партнеров