Қанат Сұлтанбековтің түрме жазасы 2 млрд теңге айыппұлға ауыстырылды

06.02.2018 23:05

Бір миллард үшін сотталып, екі миллард төлеп, бостандық алмақ.  «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков тағайындалған 10 жыл қамақтың орнына 2 миллиард теңге айыппұл төлейтін болды. Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2 ақпан күні «Қазақстан инжиниринг» компаниясының бұрынғы орынбасары мен «Алмаз Азия» компаниясының бас директоры, Израиль азаматы Гиль Смолинскийге бірінші инстанцияда шыққан үкімді қомақты айыппұлға алмастырды.  Есте болса, өткен жылдың қараша айында Астана қалалық мамандандырылған әскери соты Қанат Сұлтанбековке пара алу дерегі бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім кескен болатын. Айта кетейік, бас фигурантты 1 миллиард теңгеден аса пара алды деген күдікпен бір жыл бұрын тұтқындалғаны мәлім.