Қарабатанда өртке оранған жатақханалар қайта қалпына келтіріледі

08.03.2018 01:55

Атырау облысындағы Қарабатан электр стансасында өртке оранған жатақханаларды 200-ге жуық жұмыскер қайта қалпына келтіреді. Бұл туралы «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлімдеді. Шендінің сөзінше, «PSI Stroy Industriya» компаниясы бүгіндері тілсіз жаудан зардап шегіп, ауруханаға түскен азаматтардың шығынын толықтай өз мойнына алыпты. Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2  наурызда Қарабатан «Газ-турбиналық электр стансасының»құрылыс аумағындағы жатақханалардың бірінде орын болды. Жорамал бойынша, электр сымының тұйықталуынан өрт шыққан. Салдарынан 7 адам көз жұмып, 4 жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Бүгіндері тексеру әлі де жалғасып жатыр.

«Қазіргі кезде жаңа жатақхана салу мәселесі қолға алынып отыр. Ол жақтағы  адам сол жерде әрі қарай жұмысын жалғастырады. Әрі, өздері жағдайды қалыпқа келтіретін болады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан ӘЛТАЕВ.