|
27.03.2017 | 16:45
14384

Кәрім Қадырбаев: Экспортқа шыққан актерлер

Кәрім Қадырбаев: Экспортқа шыққан актерлер

Қазақстанда отандық кинематографшылар өз қазанында ғана қайнауда деген пікір қалыптасқан. Десе де, бұл әділетсіз ой деп айтсақ та болады. 

Мысалы, бір ай бұрын «Защитники» жобасының арқасында қазақстандық актер Санжар Мәдиді ондаған елдің көрермендері көрді. Сондай-ақ осы жылдың басында «Золотая орда» атты сериалдың түсірілімі аяқталды. Ол жерде Мәдиден бөлек, Еркебұлан Дайыров, Аружан Джазильбекова және Дина Тасбулатова өнер көрсетті. Ал ағымдағы жылдың наурыз айында Ерден Телемисов және Мұрат Мұқашев ағылшын сериалы McMafia түсіріліміне аттанды. Олардың әріптестері, Жандос Айбасов пен Даулет Әбдіғапаров бастаған Nomad тобының каскадерлері ресейлік «Тобол» тарихи сериалының түсіріліміне дайындалуда.

Осыған орай, біз халықаралық және шетелдік кино – тележобаларға қатысқан отандық актерлердің түсін түстеп шықпақ болды.


Санжар Мәди

«Сказ о розовом зайце» және «Замуж в 30» атты фильмдерінің жұлдызы болған азамат үшін «Защитники» картинасы шетелдік жобадағы алғашқы жұмысы емес. 2011 жылы түсірілген «Елки 2» киноальманахындағы пошта қызметкері рөлі Қазақстан сыртындағы ресми дебюты ретінде саналады. Ал 2013 жылы «Ход конем» атты армяндық картинада  Гора Киракосяна болып, басты рөлді сомдайды. Оның серіктестері Ованнес Азоян және Әсел Сағатова болды.

Туры бір жылдан кейін Netflix және Weinstein company-сы біріге отырып түсірген «Марко Поло» американдық телесериалда Санжар Мәди Nomad каскадерлік тобының құрамында өнер көрсетеді.

Биыл Мәдиді «Защитников» атты фильмнен өзге осы қыста түсірілімі аяқталған «Золотая орда» ресейлік телесериалынан көруге болады.



Линда Нигматулина

Линда Нығматулинаның ресейлік кинода түсіп жүргеніне көп болғаны соншалықты, оны қазақстандық актриса деп атау қиын.

Алғаш рет актрисаны қазақстандық экран сыртынан Роман Качановтың «Неваляшка» комедиясында Артемий Троицкийдің жұбайының рөлін сомдаған жерінен көруге болады. 2007 жылы ресейлік телевидениеде қазақстандық актриса ойнаған «Платина» сериалы көрерменге жол тартты.


Соңғы жылдары Нығматулина ресейлік телевидениеде жұмыс істеді. Негізінен актрисаны криминалдық және үй шаруашылығымен айналысатын әйелдерге арналып түсірілген сериалдардан көруге болады.


Бибігүл Ақтан (Суйіншалина)

Осы тізімдегі өзге актерлермен салыстырғанда экс-модель Бибігүл Ақтан өзінің мансабын ресейлік телевидениеде бастады. 2007 жылы 15 жастағы Бибігүлдің алғашқы дебюты «Громовы. Дом надежды» атты сериал болды. Бұл сериалда оған Файки  деген ақкөңіл оқушының рөлін сомдау бағы бұйырған. Айта кетсек, «Громовых» сериалын қазақстандың топ шығарды десек те болады. Себебі жобаның продюсері Тимур Бекмамбетов болса, сценарийді Бахыт Киликбаев жазды, режиссері Александр Баранов.

Бибігүл Ақтан актерлік мансабын екі елде қатар алып жүрді. Қазақстанда «Виртуальная любовь» фильмінде басты рөлді сомдаса, Ресейдегі сомдаған ең ірі рөлі «Выжить после» сериалында болды.

Соңғы үш жылда Бибігүл Ақтан Қазақстанда жұмыс істемесе де, ресейлік «Первокурсница», «Последний лепесток» және «Старшая жена» атты операларда өнер көрстіп келді.



Төлепберген Байсақалов

Отандық актерлердің ішіндегі ең бейнелілердің бірі Төлепберген Байсақалов ресейлік киномен серіктесіп келгеніне біраз болған. Негізінде, актер Тимур Бекмамбетовтың продюсерлік жобаларына жиі қатысады. Ең алғаш рет Байсақаловты «Елки» фильмінде таксиші рөлін ойнаған эпизодтан көруге болады. Кейін «Джентльмены, удачи!» және «Самый лучший день» комедияларында үлкен рөлдерде ойнады.

2011 жылы Төлепберген Байскалов Андрей Прошкиннің «Орда» картинасында жарқ ете қалды. Ал бір жылдан кейін «Снайпер-2: Тунгус» телесериалында басты рөлдердің бірін ойнады.

Биыл актерді ТНТ арнасынан көрсетіліп жатқан «Гражданский брак» сериалынан көруге болады.



Дәулет Әбдіғапаров

Андрей Прошкиннің «Орда» атты масштабты картинасынан Төлепберген Байсақаловтан басқа ірі денелі Дәулет Әбдіғапаровты көріге болады.Актердің ресейлік режиссерге ұнағандығы соншалықты, оны өзінің келесі жобасы - «Орлеан» комедиясында Елена Лядовамен бірге басты рөлде ойнауға шақырды.

Бұл Әбдіғапаров ойнаған ресейлік жобалардың толық тізімі емес. Он жыл бұрын солтүстіктегі көршілермен алғашқы серкітестігі «Застава» телесериалы арқылы орнады. Содан кейін актер «Чернобыль: Зона отчуждения» сериалында, «VЦентурия» және «Скорый «Москва-Россия» картиналарында  ойнады. Сондай-ақ бір рет «Поддубный» фильміндегі рөліне байланысты басы кішігірім жанжалға ілікке.

Қазақстандық көрермендер Глеб Орловтың фильмінде Әбдіғапаров Қажымұқан Мұнайтпасовтің рөлін сомдайды деп ойлаған және Иван Поддубныймен қарым-қатынасына көңілдері толмаған. Әрине, титрді оқып шыққан адам болмады. Ол жерде актер Ахмеда Паши бейнесін сомдағаны жазылған болатын.

Биыл актерді ТНТ арнасындағы «Адаптация» жобасынан көріге болады. Ал жақын арада «Золотая орда» және «Тобол» сериалдары көрерменге жол тартады.



Сергей Погосян

Көптеген отандық көрермендерге Сергей Погосян тележүргізуші және Zepter мен Adem брендтерін жарнамалайтын тұлға ретінде таныс. Десе де, Погосян Лермонтав атындағы театрда және кино мен сериалдарда ойнаған. Қазақстаннан бөлек Погосян өзге елдерде сұранысқа ие.

Актер  «Солдаты», «Реальная сказка», «Восьмидесятые, «Одна за всех» және «Держи удар, детка» сияқты атақты жобаларда түрлі рөлдерді сомдаған.



Текст: Кәрім Қадырбаев

Аударған: Меруерт Сағымхан


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир