Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдауды автоматтандыру 2019 жылы қолданысқа енеді

Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдауды автоматтандыру 2019 жылы қолданысқа енеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдауды автоматтандыру 2019 жылы қолданысқа енеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынатын жоба «бір терезе» жүйесі арқылы іске асып, қағазбастылық жойылмақ. Демек, кез келген шағын және орта бизнес өкілі қажетті қызметті электрондық форматта алуға мүмкіндік жасалады. Бұл бүгін Үкімет отырысында сөз болды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, аталмыш жобаны іске асыру үшін бүгіндері арнайы комиссия құрылған.

«Бүгінгі таңда комиссия мүшелері қолдау негізіндегі 22 тетікті оңтайландыру мен автоманттандыру жүйесін қарастырып жатыр. Қалған 30-ға жуық қолдау көрсету жүйесі ұсынылады. Ол  сәуір айына дейін өз шешімін табуы тиіс. Мемлекеттік органдар жыл соңына дейін осы жұмыстарды реттеп, қолдау көрсету тетіктерін іске қосуы қажет», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.

Новости партнеров