Қазақстанда жасөспірімдерге ғаламтор қолдану қауіпсіз болмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жасөспірімдер мен балалардың ғаламтор қолдануы енді қауіпсіз болады. Астанада «Ақ сайттар тізімі» деген атаумен пилоттық жоба таныстырылды. Зиянсыз ресурстар тізіміне ғылым, мәдениет, өнер және ойын-сауық тақырыбындағы жастарға арналған 3500 сайт енген. Бұл бастама жөнінде әріптесім Нұржан Сәдірбай егжей-тегжейлі айтып берсін.

Бүгінде ақпарат іздегені де, іздемегеніде ғаламтордан бас алмайды. Жасырын емес. Әсіресе мектеп жасындағы оқушылардың үй тапсырмаларын  интернеттен қарайтынын да қоғам белсенділері талай айтқан еді. Әрине, «қауіп келмесін», - деді, «жаманшылыққа ермесін», - деді. Мәселен, жүргізілген әлеуметтік сауалнама еліміздегі өскелең ұрпақтың 57 пайызы ғаламтор беттерінен психикаға кері әсер ететін дүниелерге тап болады екен. «Енді осының алдын алу үшін де «Ақ сайттар тізімі» жобасы қолға алынды», - дейді мамандар.

«Балалардың қазіргі виртуалдық әлеміндегі емін-еркін аралайды, күнделікті олар жаңа адаммен танысады, жаңа әртүрлі сайттарға кіріп, әлеуметтік жүйелерді қолданады. Соған байланысты, баланың психикасы үшін ғаламтор қашанда да зардап шектіріп, торына түсіру сияқты қауіп-қатерлерге айналып келеді. Сондықтанда біз бүгінгі осы ғаламтор жүйесіндегі балалардың қауіпсіздік мәселесін жүйелі түрде  тұжырымдамамен түсіндірейік деп, келіп отырмыз», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр МӘКЕН.

Бастаманы «Болашақ» халықаралық стипендияттар қауымдастығы бастаса, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі қостаған. Ал, ақпарат қауіпсіздігіне еліміздегі байланыс және кабелдік операторлары тартылыпты. Олар бірлесе жұмыс істейтін туралы меморандумға да қол қойды. 

Келеңсіз ақпараттар нөпірін тоқтату үшін жеке тұлға, ата-анадан бөлек, мемлекеттік мекемелер де жұмылдырылмақ. Сондықтан алдағы уақытта кітапхана, мұражай, оқу орындарына жоба кеңінен таныстырыла түседі. Министрлік өкілі «пилоттық  жобадағы үш жарым мың ғаламтор-ресурсының саны артады», - деді.

«Қазір жоба тізімінде 3556 сайт бар. Олардың 549 еліміздікі болса, 3000 мыңы өзге мемлекеттік. Әлі көптеген пайдалы сайттарды қосылады. Пилоттық жоба 1-ші желтоқсанннан бастап іске асады», - деді ¤ ҚР ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан ӘЖІБАЕВ.

Айта кетейік, бүгін Парламентте мәжіліс депуттары ақпарат таратуға қатысты заңжобасына түзетулерді қолдады. Енді ғаламтордағы электронды ақпарат көздеріне азаматтар анонимді түрде пікір қалдыра алмайды. Енді желі қолданушылары өз ойын тек тіркелген жағдайда, толық аты-жөні жазылғанда ғана білдеруге мүмкін алады.

 

Нұржан Сәдірбай, Олжасбек Мәден, АТ Астанадан   

Новости партнеров