Қазақ жұрты тұңғыш скрипкашысынан айырылды

06.02.2018 01:31

Қазақ жұрты тұңғыш скрипкашысынан айырылды. 101 жасында Әлім Алмат өмірден озды. 1917 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген оның өмірі еліміз тарихының ең ащы, қилы-қилы кезеңдеріне сәйкес келді. Әлім Алматтың скрипкаға деген талантын Темірбек Жүргенов ашыпты. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, тұтқынға түскен. Парижде Мұстафа Шоқайдың жұбайы Мариямен араласқан. Кейін Мұстафа Шоқайдың мұрасын Әлім Алматқа аманат етіп тапсырған. Отанына оралмаса да, ол Қазақстанмен байланысын үзген емес. Айта кетейік, қартайған шағына дейін скрипкашы Түркияда тұрып келді.