Қазақстан Сириядағы балаларға көмек бермек

Қазақстан Сириядағы балаларға көмек бермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Сириядағы балаларға көмек бермек. Осыған орай, «Сезімтал» қоғамдық қоры елімізде қаржы жиналатынын айтты. Белсенділер қаражатты ЮНИСЕФ-ке өткізбек. Аталған ұйым ол ақшаны қай мақсатқа жұмсайтындарын өздері шешеді.

«Сириядағы балаларға жүздеген млн доллар қажет. Әр тиынның нақты қайда жұмсалатынын айту қиын. Себебі, ол жақта ай сайын жағдай басқаша өзгеріп жатыр. Мәселен, 2016 жыл олар үшін өте ауыр болды. Әрине, соғыс болып жатқан жерде бәрі де оңай емес, дегенмен 2016 жылы көптеген жеткіншектер жазықсыз жапа шекті», - деді Unicef Kazakhstan арнайы маманы Зарина НҰРМҰХАМБЕТОВА.

ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, Сириядағы соғыс жылдары 15 мыңнан аса бала қаза болған. Ал, қазіргі таңда 6 млн жеткіншек дәрі-дәрмек, азық-түлік пен қауіпсіз баспанаға мұқтаж. Соңғы жылдары елде 3 мыңнан аса мектептің көзі жойылған. Сол себепті, Сириядағы балалардың оқуға да мүмкіндігі жоқ. Одан өзге, 2 млн жасөспірім көрші елдерге ата-аналарымен бірге босып кеткен.


Новости партнеров