|
25.07.2018 | 17:02
2303

Қазақстандық шенеуніктер шетелдік қымбат көліктерден бас тарта бастаған

Қазақстандық шенеуніктер шетелдік қымбат көліктерден бас тарта бастаған

Шенділер қымбат маркалы шетелдік автокөліктерден бас тартып, өз елімізде құрастырылған темір тұлпарларды «тізгіндеп жатыр».

Автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының төрағасы Олег Алферов осылай дейді. Оның айтуынша, былтырғы жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік сатып алулар арқылы жүргізілген шетелдік көліктер саудасы 12 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 5 пайызға төмендеген. Жалпы алғанда, маман мемлекеттік органдар өзге елде құрастырылған көліктерге мораторий жариялап, тек өзіміздің өнімге бет бұру керек дейді.

«Біз аталған мәселені былтырдан бері талқылап келеміз. Парламент Мәжілісімен де, Үкіметпен де, мемлекеттік құзіретті органмен де келіссөздер жүргізіп келеміз. Ұсыныстарымыз ескеріледі деп сенеміз. Бүгінде мемлекеттік органдар сатып алатын әрбір 20-шы көлік шетелден жеткізіледі. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында шетелдік көліктің 375 данасы сатып алынды. Соның бәріне 4 миллиард теңге жұмсалды. Биыл алты айда мемлекеттік органдарға шетелден тек 92 көлік қана жеткізілді. Оған 677 миллион теңге кетті», – деді Қазақстанның Автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының төрағасы Олег АЛФЁРОВ.

Олег Алферов мемлекеттік органдар үшін сатып алынған ең қымбат көліктердің бағасын айтты. Оның мәліметінше, соңғы алты айда алынған ең қымбат автокөлік – «Тойота Лэнд Крузер 200». Екі дана темір тұлпарды Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты «Қазақавтожол» компаниясы сатып алған. Бұлардың әрқайсысы 27 миллион теңгеден артық сомаға бағаланған.

Нұржан Сәдірбай, «Алматы» телеарнасы, Астана

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир