Қазақ әліпбиі латынның 26 қарпіне сүйеніп жасалуы керек. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру мәселесін талқыға салған бір топ ғалым осындай ұсыныстар жасады. Дәлірек айтар болсақ, ғалым Алтынбек Шәріпбай ұлттық әліпбидегі төл әріптерді таңбалаудың екі нұсқасын ұсынды. Бірі - (а) мен (е) дыбысының қосындысы - тіліміздегі (ә) әрпін дыбыстайды. Осы сияқты өзге де дыбыстар (е) әрпінің жалғануы арқылы таңбаланады. Екінші нұсқасы - (а), (о), (u) дыбыстарына ( ' ) дәйекше белгісін қосу. Сондай-ақ, (ң) дыбысын - латынның ng немесе ŋ таңбасымен белгілеуді ұсынды. Мәселен, «мәңгі» сөзі - латынша ma'nggi немесе maenggi деп таңбаланады. және екінші нұсқасы - ma'ŋgi maeŋgi болып таңбаланады. Ғалымның сөзінше, әріптердің бұлай таңбалануы компьютерлік пернетақтаға түсіру кезінде еш қиындық туғызбайды. Жиын барысында осы сияқты айтылуы күрделі дыбыстарды белгілеудің түрлі нұсқалары қарастырылды. Жұмыс тобы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің толық нұсқасын жасап шығуы керек.
«Қазақ тілінің қазір 31 дыбысы бар, оның ішінде 9 дауысты дыбыс. Ал базалық латын әліпбиінде 26 әріп бар, сонымен ғана көшу керек. Бір ұлтқа бір әліпби, ол қытайда тұра ма, ресейде тұра ма, бір әліпбимен қолдануы тиіс. Ал бір әліпбимен қолдану үшін жаңағыдай тек базалық тек 26 әріптік әліпбиге көшу керек. Ал оған басқа қосымша таңба қоссаңыз ә, ө үшін, онда ауыспай-ақ қою керек»,- деді «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Алтынбек ШӘРІПБАЙ.