Астанада көшпенділердің мәдени орталығы құрылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада ең алғаш рет көшпенділердің мәдени орталығы құрылады. Орталық - Аттила деп аталмақ. Ерекше ғимарат 200 гектарлық жерді алатын болады. Құрылыс нысаны қазақтың киіз үйі пішіндес күйінде болмақ. Онда түркі халықтарының тарихи жәдігерлері қойылатын мұражай құру жоспарлануда. Ал құрылыс жұмыстарының қашан басталары әлі белгісіз. Осыған дейін бүкіләлемдік түркі халықтарының құрылтайы Қырғыз қаласы Шолпан-Атада өтуі керек болған. Алайда, онда бомба қойылған деген хабар жеткеннен кейін, шұғыл арада Алматыға көшірілді. Мұнда 20-дан астам түркі халқының өкілдері келді.  

«Ғимараттың ішінде бірнеше этно-ауыл болады, түркілердің, қазақтардың таралу ағашы сияқты жәдігерлер қойылады. Бұл бүкіл түркі халқының орталығы болмақ. Сондай-ақ түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар өтеді»,- деді  «Аттила» әлемдік мәдениетті сақтау қоғамдық қорының президенті, Талғат ӘБДІЖАППАРОВ.

Новости партнеров