Спортшы-шаңғыроллершілер Олжас Климин, Анна Шевченко, Валерия Тюленева және Гүлсина Қадырова Болгарияда «Сивен» кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары шаңғыроллерден өткен халықаралық жарыста 9 жүлделі орынға ие болды. Бұл бәсекеге қазақстандық спортшылардан бөлек Ресей мен Болгарияның өкілдері де қатысқан еді.
«Сивен» кубогының жыл сайын өтетін жарысы біздің жаттықтырушылар штабына орындалған жұмыстарға тыңғылықты сараптама жасап, кемшін түскен тұстарды анықтауға, одан арғы жаттығу жоспарын түзетуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылғы «Сивен» кубогының қорытындысы бойынша команданың жақсы физикалық формада екендігін, маусымның осы кезеңінде алға қойылған міндеттерге сай келетіндігін айта аламын. Осы жылы жарысқа үш елден 120-дан астам спортшы қатысты. 9 рет жеңіске жеттік, оның төртеуі бірінші орын. Бұл жақты нәтиже», – дейді команданың аға спорттық менеджері Александр Батяйкин.