Ел дәрігерлері тұмаудың өршу мерзімін болжап, елге ескертпе жасап жатқанда, адамдар жедел респиратор ауруларынан ажал құшып жатыр. Қыс түскелі бес адам жұқпалы вирустан көз жұмған. Ал, ақ қалаттылар елде эпедимиологиялық кезеңнің енді басталғанын ескертті.
Айгүл Ізбасар өзін жайсыз сезініп, ауыра бастағанын апта бұрын білген. Бірақ күйбең тірліктен қаралуға қарекет қылмаған келіншек дәріхана препараттарымен ақ құтылам деп ойлаған. Ойындағысы орындалмай, ауруы асқынған Айгүлге ақ қалаттылар респираторлық-вирустық инфекция диагнозын қойған.
«Екі-үш апта болды ауырып жүргеніме. Үйде емделдім. Пайдасы болмады. Сол үшін осы 1-ші Астана қалалық аурухнаға келдім. Қазір жақсымын», - деді Айгүл ІЗБАСАР.
Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері 205 мыңнан астам адам респираторлы-вирусты инфекциялар жұқтырғаны анықталды. Оның 40 жағдайы тұмау деп танылған. Араларында Айгүлдей «құлап қалғанша қам қылмағай жүріп, ақыры ауруы асқынып, ажал құшқан адамдарда кезедсіп отыр.
«Республика бойынша АШ3 ЭН2 және В тұмау вирусының айналымды болуы анықталды. Сонымен қатар, респираторлы емес, басқа да - парагрипп, РС-вирусы, бокавирусы айналымда болуы анықталды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің эпедимиологиялық бақылау басқармасынының бас маманы Мейірім СҰЛТАНОВА.
Алдағы ақпан тұмаудың асқыну кезеңі. Мамандар ересектерден бөлек, бала денсаулығына да қауіптенеді. Қыс уақытында кішкентайлардың иммунитеті тез әлсірегіш келеді.
«Дерттің алдын алу керек. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану мен адам өз денсаулығына толықтай жауапты болуы маңызды. Таза ауада көбірек жүріп, иммунитетті көтеру басты мақсатқа айналуы тиіс. Жұқпалы аурулардың өршіген шағында адам көп жиналатын жерлерге баруға тиым салынады», - деді Астанадағы №1 қалалық ауруханасының дәрігері Сәния ҚАСЕНОВА.¤
Бүгінгі күні мектептердегі оқушылардың денсаулығы басты назарда. Тұмауға тұсалмасын деген министрлік қосымша 200 мың екпені елге жеткізген. Бірақ барша бұқараның тек 11,5 пайызы дертке қарсы дәріні егуге бел буыпты. Бұл шамамен ел тұрғындарының 2 миллионы ғана. Демек тұрғындардың 90 пайызға жуығына тұмаудың жұғау қауіпі бар.