Елімізде полицейлердің жалақысы 25 пайызға көбейеді

26.06.2017 15:54

Елімізде полицейлердің жалақысы 25 пайызға көбейеді. Бұл туралы Елбасы құрылтайдан соң, Ішкі істер органдарымен кездесуі кезінде айтты. Тәртіп сақшыларының айлығы 1 шілдеден бастап үстемеленеді. Мерекелік кездесуде мемлекет басшысы бірқатар қызметкерге «Айбын» орденін және «Ерлігі үшін» медалін табыстады. Бұл олардың қауіпті әрі жауапты жұмыстарына берген бағасы болса керек.              

«Халық сіздерге қарап мемлекеттік билікке баға береді. Осыған байланысты полицей өзгеге үлгі болуы тиіс. Қазақстандық полицейлер игі ісін бұдан кейін де сәтті жалғастыруға күшін де, тәжірибесін де және энергиясында жұмсайды деп сенемін», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.