Қорғаныс министрі әскерилердің жалақысын көтеріп, баспанамен қамтамыз етуге уәде берді

25.04.2017 16:40

Үкімет сағатындағы кезекті отырыс. Бұл жолы мінберге шыққан еліміздің қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов атқамінерлер алдында айтарлықтай есеп берді. Әскерилердің жалақысын көтеріп, баспанамен қамтамыз етуге уәде берді. Сонымен қатар, террористік әрекеттерге қарсы тұрып, тойтарыс беруге даяр екенін жеткізді.

Үкімет сағатында Қорғаныс Министрі Сәкен Жасұзақов есеп беру барысында біраз терлеп-тепшіді. Әскерилерді баспанамен қамтамыз етіп, жалақысын көтеруден өзге, террорлық әрекеттерге қарсы тұра алатынымызды жеткізді. Бірақ байсалды басталған отырыс соңы шиеленісе түсті. Себебі тиесілі игерілмеген 15 млрд теңге ұмыт қалмады. Омархан Өксікбаев күтпеген жерден сауал қойып, 2015жылы талан-таржаға түскен қаржыға қатысты есеп беруін талап етті. Депутаттар көтерген мәселені  Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко да қолдады. Әскери өмірде қатаң тәртіп болғаны дұрыс, бірақ мұндай заң бұзушылықтардың орын алуы алаңдатарлық жағдай екенін атап өтті.

«2015 жылы 15 миллард теңгенің заты кем шыққандығы көрініп отыр. Бұл дегеніміз біз осыншама ауыздан жырып берген дүниені сол жақтан бақылаусыз, ешқандайда сақтаусыз талан-таражға салып жатқандықтың жолы ашықтығын көресетіп отыр. Осыған бір шара қолданасыздар ма?», - деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Омархан ӨКСІКБАЕВ.

«Бұл жағдай жағынан Қорғаныс министрлігі өзіңіз айтып кеткендей 15 млрд қаржыны бөлінгені көтеріліп жатыр. Бұл жағынанда жұмыстар өткізіліп жатыр», - деді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен ЖАСҰЗАҚОВ.

Бүгінгі таңда аталған заңбұзу фактілеріне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Сотқа түскен 800-ден астам арыздың 90 пайызы қанағаттандырылыпты. 15 млрд теңгенің 12 млрд-на  қатысты сот шешімі шыққан. 40-қа жуық жауапты тұлға темір торға тоғытылған. Ал, қоймадағы материалдарға қатысты  бухгалтерияның  олқы тұстарын әліде реттейміз деді Қорғаныс Министрі.  Отырыс барысында, патриоттық сезім мәселесі де тілге тиек етілді. Халық  қалаулысы Бахытгүл Хаменова әскери борышын өтеуге барғысы келмейтіндер санының артуына назар аударды.

«Әр жылы себепсіз әлімжеттікпен соққының, бопсалаумен арсыздықтың құрбаны болып, айдың күні аманында аттанған сарбаз кебінін киіп табытқа салынып туған жеріне оралып жатады. Өзіне өзі қол жұмсады деген үкіммен келсе де, тексере, зерделей келе жауыздықтың құрбаны болып жатқандығы анықталады. Бұны көрген ата-ана баласын жанынан алысқа ұзатқысы келмейді», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахытгүл ХАМЕНОВА.

Дәл осы сұрақ тек Бахытгүл Хаменованы ғана емес, өзге жұртты да қызықтырды. Қорғаныс Министрінің жауабы да дайын. Демек, армияда суицидтің алдын алу жұмыстары қатаң қолға алыныпты. «Жауынгерлік дос» атты әдістемелік құралдың көмегі тиіп отыр дейді. Дәл осындай тағы бір жаңа құралды айта кетейін. Жуырда жол полицейлерінің қолында арнайы гаджеттер пайда болмақ. Бұл әкімшілік заң бұзышулықтарға тағайындалған айыппұлды дер кезінде төлеуге мүмкіндік береді.