|
06.12.2017 | 16:43
1739

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін инвесторларға барлық жағдай жасалады

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін инвесторларға барлық жағдай жасалады

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін инвесторларға барлық жағдай жасалады. Аталмыш жеңілдіктер алдымен салық туралы жаңа заңнамада көрсетілген. Бұл туралы халықаралық Kazakhstan Global Investment Raundtable атты ұйымдастырылған шарада еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Үкімет басшысы 3 мың шақырымға жуық Батыс-Қытай Батыс-Еуропа күре жолы арқылы жүк тасымалынан-ақ жақсы пайда табуға болады, деді.  Сондықтан осы бағытта дамуға зер салу қажет. Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев ірі шетелдік компания өкілдерін Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды.

«Біз инвесторларға да жағдай жасауымыз тиіс. Ол арнайы заңда көрсетілген. Қазіргі кезде Парламент оны қарастырып жатыр. Демек, жаңа Салық кодексінде еркін аймақ пен индустриалдық аймақтар енген. Осы бағытта жұмыс істейтін кез келген азаматқа жеңілдіктер қарастырылып отыр. Таңдау сіздерде!», - деді ҚР Премьер – министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Отандық кәсіпкерлердің де жағдайы ұмыт қалған жоқ. Үкімет тарапынан Парламентке ұсынылған «Салық» туралы заң жобасында барлық тетік қарастырылып, салықшының мүддесі де ескерілген. Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар, Елбасына ұсынылған « Цифрлық Қазақстан» жобасына да тоқталды. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, жұмыстың жеңілдеуіне мүмкіндік бермек.  

«Егер біз еліміз дамып, бәсекеге қабілетті болсын десек, компанияларда өзінің бағыты мен идеологиясын өзгертулері керек. Ойланатын уақыт жоқ. Даму қарқынды жүзеге асып келеді. Мысалы, Президенттің өзі сандық формат экономикасына жауап беретін вице-премьерді де сайлап қойды. Мұндай әдіс ешкімде жоқ. Бұл өз алдында осы бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асуына жағдай тудырады», - деді ҚР Премьер – министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Шараға арнайы келген Mitsubishi UFJ Financiаl group компаниясының өкілі Кристофер Маркс Қазақстанға «Гугл»  компаниясын шақыруды ұсынды. Себебі,  технология саласында жетістікке жеткен алпауыт мекеме Қазақстанның инновациялық бағытта дамуына өзіндік серпін береді. Премьер-министр өз тарапынан аталмыш салада жұмыстың іске асып жатқанын ескертіп, «Экспо-2017» кешенінде Стартап -хаб аймағының құрылғанын айта кетті. Ол келер жылы қаңтар айында іске қосылады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир