Цифрландырудың арқасында Қазақстан экономикасы 30 пайызға өсуі керек. Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдаған мемлекет басшысы осылай, - деді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сөз болған кездесуде вице-премьер атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыруға отандық бизнестің қатысуы қажет екенін атап өтті.
«Цифрландыру бағдарламасы бекітілді. Мемлекет оған аз ақша бөліп отырған жоқ, сондықтан олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету керек», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
«Цифрландыруды енгізудің арқасында өндіруші өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны төмендеп, тиісінше көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ, электронды коммерция саласында 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп отырмыз. Біздің есебіміз бойынша, тек кеден және салық қызметтерін цифрландыру нәтижесінде мемлекет қазынасына 100 миллиард теңгеден астам қаржы түседі», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ.