Қырғыз елі Алматының тәжірибесін негізге ала отырып, ХҚКО-ғын ашпақ

20.11.2017 21:57

Қырғыз республикасы Алматының тәжірибесін негізге ала отырып, халыққа қызмет көрсету орталығын ашпақ. Мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе алмасуға көрші елден Ханнс Зайдель қорының үздік түлектері арнайы келді. Олар осыдан екі ай бұрын қызметін бастаған оpen Аlmaty орталығымен  танысты. Мұнда қазір қалалық 5 басқарма мамандары, прокуратура, ішкі істер департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, кәсіпкерлер палатасы мен 8 ауданның әкімдік өкілдері қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін орталық көмегіне 3 мыңға жуық адам жүгінген. Сондай-ақ делегаттар Медеу ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығын аралады.

«Алматының мемлекеттік қызметі жоғары деңгейде. Халыққа қолайлы жағдай жасаған. Дәл қазір open Almaty орталығында тұрмыз. Мен Германияда тұрғандай әсерде болып тұрмын. Біздің елімізде мұндай орталықтар бұрыннан жұмыс істейді», - деді Орталық Азия Ханнс Зайдель атындағы қоры жобасының жетекшісі МАКС ГЕОРГ МАЙЕР.

Одан бөлек, қор түлектері қалада ұйымдастырылған мемлекеттік қызмет және бос жұмыс орны жәрмеңкесіне қатысты. Алматыда 48 мемлекеттік мекеме 353 қызмет түрін көрсетеді. Статистика бойынша соңғы 9 айда 9 миллион мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.

«Неміс фонды ұйымдастырып жатыр біздің президенттің жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, негізі біздің академия Орталық Азияда да, ТМД төңірегінде де мемлекеттік қызметтердің оқуын ұйымдастырады. Мәселен, биылға Ресей республикасының мемлекеттік қызметшілері келіп оқуымызда оқып кетті», - деді Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент басшысы Айгүл БАЙХАНОВА.