Қазақстандықтар Кемероводағы өрт апатына байланысты, Ресейдің Астанадағы елшілігіне қоңырау шалып, ресейліктерге көңіл айтып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Ресей Елшілігіне көңіл айтып қоңырау соғып жатыр», - дейді дипломатиялық өкілдік қызметкерлері. Соңғы мәліметтерге қарағанда, «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрт апатынан қайтыс болғандар саны 64-ке жеткен. Өрт сөндірушілер 1,5 мың шаршы метрді шарпыған жалынды сөндірген. Алайда ғимараттың құлау қаупі бар. Қалаға ғимараттарға тіреуіш ретіндегі қосалқы қондырғылар жеткізілген.