Қазақстан азаматтығын сатпақ болған шенеунік парамен ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің азаматтығын сатпақ болған көші-қон қызметінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Шенеунік 4 Ауғанстан азаматтарына Қаақстан азаматтығын алу үшін әр адамнан шамамен 3 миллион тенге алмақ болыпты. Аталған іс бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.
«Ішкі істер депаратменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Төлегенұлын ұстады. Ол 4 ауғанстан азаматына ҚР азаматтығын алуға көмектескені үшін пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Күдікті Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас САДУБАЕВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39