Қазақстан азаматтығын сатпақ болған шенеунік парамен ұсталды

13.04.2018 16:34

Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің азаматтығын сатпақ болған көші-қон қызметінің басшысы ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.  Шенеунік 4 Ауғанстан азаматтарына Қаақстан азаматтығын алу үшін әр адамнан шамамен 3 миллион тенге алмақ болыпты. Аталған іс бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.

«Ішкі істер депаратменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Төлегенұлын ұстады. Ол 4 ауғанстан азаматына ҚР азаматтығын алуға көмектескені үшін пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Күдікті Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас САДУБАЕВ.