Қазақстан Азия ойындарындағы төртінші алтынды алды

25.08.2018 21:46

Джиу-джитсу спортынан қазақстандық Дархан Нұртаев Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

62 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз финалда БАӘ-нің өкілімен шығып, айласын асырған.  

Азиада-2018 ойындарында Қазақстан үшін бұл 36-медаль, төртінші алтын. Ұлтты құрама қоржынында жеті күміс және 25 қола бар.

Сурет /