Қазақстанда 2018/19 оқу жылында қай күндері демалыс болады?

25.08.2018 18:53

Қазақстанда 32-34 апта сабақты қамтитын оқу процесінің бірыңғай кестесі анықталды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

2018/19 оқу жылының кестесі:

• мектепке дейінгі сыныптар – 32 апта

• бірінші сынып – 33 апта

• екіншіден 11-12 сыныптарға дейін – 34 апта

2018/19 оқу жылындағы каникулдар:

• күзгі – 29 қазан мен 4 қараша аралығы

• қысқы – 31 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін

• көктемгі – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін

• мектепке дейінгі балалар үшін қосымша қысқы демалыс – 4-10 ақпан аралығы.

Дәстүр бойынша 25 мамырда соңғы қоңырау соғылады.