Қазақстанда ауыз су бағасы қымбаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тамыз айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар суық судың текше метріне 74,3 теңге төлеген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 пайызға көп, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, суық судың ең жоғары бағасы Атырау (113,5 теңге) мен Қарағандыда (110,3 теңге) тіркелген.
«Ыстық су бағасы да қымбаттады - бір жылда 6,1 пайызға көтерілген. Қазір ыстық судың текше метрі 235,2 теңгеге жетеді. Ең жоғары баға Алматы (текше метрі - 475,2 теңге) мен Қостанайда (текше метрі - 379,9 теңге) тіркелді», - делінген мамандардың зерттеуінде.
Сондай-ақ, қыркүйек айының соңында кәріз жүйесіне жұмсалған қаражаттың көбейгені айтылады. Бір жылда ол көрсеткіш 2,5 пайызға өсіп, қазір текше метріне 48 теңгеге жеткен.
Кәріз жүйесіне көп ақша төлейтін қалалардың тізімінде Қарағанды (текше метріне - 96,4 теңге) мен Қостанай (текше метріне - 80,4 теңге) көш бастап тұр.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34