Қазақстанда электронды өнеркәсіпті дамытатын 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Құжат арқылы мамандар кәсіпкерлікті ілгерілетіп, технологиядағы жетістіктер мен ғылыми-техникалық базаны жетілдіруді көздейді. Бұл туралы Алматыдағы арнайы экономикалық аймақта өткен кездесуде мәлім болады. Еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, қазір бұл салада қарқынды өсім байқалады. Қазіргі таңда электронды өнеркәсіппен айналысатын 110 компания және бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын 350 өндіруші бар.
«Бүгінгі жұмысыздың басты себебі жол картасымен таныстыру болып тұр және Оңтүстік төңіректе орналасқан мемлекеттік және жеке кәсіпкерлердің өнімдерімен танысуға Алматы қаласына кеп тұрмыз. Негізгі бүгінгі таңда туып тұрған проблемаларды сөйлесу. Қалай болады? Шешімдері қалай?», - деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электронды өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Ернұр ЖӘУТІКБАЕВ.