Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік қызметтердің кейбірі қыстартылуы мүмкін. Бұл бәсекеге қабілетті арттырып, біліксіз қызметкерлер санын қысқартуға  септеседі. Бұл туралы Мәжілісте айтылды. Жаңа заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі әр бағытқа жеке-жеке тоқталды. Депутаттар аталмыш құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

«Әрбір саланың өзіндік ерекшелігі бар. Құрылыс саласы нотариаттан  мүлде басқаша. Әрбір жағдайда жеке функционалдық талдау жасалады. Жалпы алғанда бұл қадамды қолдаймыз. Өйткені ол штаттың қысқарып, шағын Үкімет құрылуына мүмкіндік береді»,-деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ

Халық қалаулылары тарапынан қойылған сұрақ көлемі артты. Өйткені жаңа заң күшіне енетін болса, кейбір қызмет түрлерінің бағасы көтеріледі деген қауіп бар.

«Меніңше функцияларды бәсекелестік ортаға пайдалану арқылы беру бағаны жоғары олуына әкеліп соға ма деп мен ойлаймын. Өйткені бизнес әр уақыта бағаның жоғары болғанын қалайды. Ал, тұтынушыларғв бағаның төмен болғаны қолайлы»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан БЕКТҰРҒАНОВ.

Министр кез келген салада бағаны көтеруге жол бермейтіндіктерін жеткізді. Монополиялық белгі байқалатын болса, онда ол қызмет қайта мемлекетке қайтарылады, - дейді. Айта кету керек, өткен жылы аталмыш ведомство әділет, қаржы, энергетика, денсаулық сақтау, ауылшаруашылық, инвестициялар және даму министрлігінің 9 саласы бойынша 38  қызмет алғашқы лекте бәсекелі ортаға берілетінін айтқан болатын. Бұдан бөлек, бағалау, нотариалдық, адвокаттық, аудиторлық қызметтерді де өткізу көзделіп отыр.


Новости партнеров